Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда матч кезінде бетонға соғылған футболшы бірден есінен танып қалды (видео)

Опубликовано:

Денис Епель ойын кезінде ауыр жарақат алды
Денис Епель. Скриншот: YouTube/News_LIVE

Германия аймақтық лигасындағы "Хеми Лейпциг" клубының ойыншысы Денис Епель допты тоқтатамын деп, басын бетонға соғып алды. Бұл туралы YouTube желісіндегі News_live арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған жағдай жетінші тур аясында "Хемнитцерге" қарсы өткен матчта болды.

Ойынның 23-минутында Денис алаң шетіне шығып бара жатқан допты қуып жетпек болады. Алайда екпінмен келген футболшы аяғы сырғанап, басымен алаң сыртындағы бетонға соғылды.

Футболшы сол арада есінен танып, құлап қалған. Оған командаластары мен дәрігерлер көмекке келді.

Қуанышқа қарай, Денис Епель есін жинап, бір күннен соң ауруханадан шықты. Десе де, клуб басшылығы оған бірнеше күн демалыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1991198-germaniyada-matc-kezinde-betonga-sogylgan-futbolsy-birden-esinen-tanyp-qaldy-video/

pixel