Astana Open ATP 500 турнирі: Қазақстандық жұп алғашқы айналымнан сүрінді

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: JEAN-CHRISTOPHE VERHAEGEN/AFP via Getty Images

Александр Бублик пен Бейбіт Жукаев Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Турнирдің алғашқы айналымында отандық теннисшілер италиялықтар Симоне Болелли мен Фабио Фоньинимен ойнады. Матч екі сетке созылып, 6:4, 6:2 есебі тіркелді.

Енді италиялық спортшылар ширек финалда Польша өкілдері Хуберт Хуркач - Ян Зелинскимен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин (әлемнің 221-ракеткасы) Астанада өткен АТР 500 сериялы турнирдің келесі айналымына өте алмағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991243-astana-open-atp-500-turniri-qazaqstandyq-zup-algasqy-ainalymnan-surindi/