Лионель Месси жаңа рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Месси мен Неймар
Месси мен Неймар жасыл алаңда. Фото: John Berry/Getty Images

Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси жаңа рекорд орнатты. Футбол әлемінің жұлдызы Чемпиондар лигасында ең көп командаға гол соққан ойыншы атанды, деп жазады Sports.ru.

Түнде португалиялық "Бенфика" мен франциялық "ПСЖ" арасындағы Чемпиондар лигасының матчы өтті.

Тартысты өткен ойында 1:1 есебі тіркелді. "ПСЖ" сапынан Лионель Месси мергендігімен көзге түсті. "Бенфика" - аргентиналық гол соққан қырықыншы команда.

Осылайша, Лионель Месси Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты.

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 38 клубтың қақпасына гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991254-lionel-messi-zana-rekord-ornatty-foto/