Анна Данилина Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда чехиялықтар Никола Бартункова - Барбора Палицовамен кездесті.

Бір сағат 28 минутқа созылған матчта қазақстандық-бразилиялық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен қарсыластарыран басым түсті.

Данилина мен Хаддад Майя 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Александр Бублик пен Бейбіт Жукаевтың Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991295-anna-danilina-cexiyadagy-turnirdin-zartylai-finalyna-syqty/