Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Севилья" бас бапкерсіз қалды (видео)

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Pixabay.com

Хулен Лопетеги "Севилья" бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sports.ru.

Түнде Чемпиондар лигасының үшінші турында "Севилья" өз алаңында дортмундтық "Боруссиямен" кездесіп, 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.

Осыдан кейін клубтың басшылығы бас бапкер Хулен Лопетегиді қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта "Севилья" футболдан Испания біріншілігінің турнирлік кестесінде 17-орында тұр. Команда жеті матчта тек бір мәрте ғана жеңіске жеткен.

Ал Чемпиондар лигасында "Севилья" кешегі жеңілістен бөлек, "Манчестер Ситиге" де есе жіберген болатын.

Айта кетейік, Хулен Лопетеги "Севильяны" 2019 жылдың маусымынан бастап жаттықтырған.

Өткен маусымда оның жаттықтыруымен клуб "Атлетикодан" бір ұпайға, "Барселонадан" екі ұпайға қалып, Испания біріншілігінде төртінші орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1991334-sevilya-bas-bapkersiz-qaldy-video/

pixel