Олимпиада ойындарының төрт дүркін жүлдегері Ресейден кететінін мәлімдеді (фото)

Опубликовано:

пасеке
Фото: instagram/m.paseka

Спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының төрт дүркін жүлдегері Мария Пасека Ресейден кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Пасека РИА Новости басылымына мақсаты Париж олимпиадасы қатысу екенін айтқан.

Алайда спортшы 2020 жылдан бастап ешбір жарысқа қатысқан жоқ. 2019 жылы ол Еуропа чемпионы атанған. Кейінірек ресейлік үлкен спорттан біртіндеп кететінін жеткізген.

"Осыған дейін айтқанымдай, үлкен өзгерістер болғалы тұр. Менің елден кетуім жаңа ойлар мен жаңа қарым қатынастар алып келеді. Жаңа нәрселерді көріп әрі сезіну үшін, даму үшін артық нәрселерден арыламын. Отаныма қайда оралған уақытта бәрі қалай жалғасатынын көретін боламыз", - деді спортшы.

27 жастағы Пасека 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының төрт дүркін жүлдегері. Ол жекелей және командалық сында үш күміс пен бір қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар спортшы екі дүркін әлем чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991359-olimpiada-oiyndarynyn-tort-durkin-zuldegeri-reseiden-ketetinin-malimdedi-foto/