Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов Ташкенттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Опубликовано:

Елдос Сметов өз салмағына қайта оралды
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасының үздігі Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елдос Сметов 60 келі салмақта турнирді екінші айналымнан бастады. Ол әзірбайжандық Хусейн Караматовпен кездесіп, тартысты белдесуде жеңіске жетті.

Аталған белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, қосымша минуттарда Сметов әдіс жасады. Үшінші кезеңде Елдос израильдік дзюдошымен кездеседі.

Бұл салмақтағы тағы бір қазақстандық балуан Мағжан Шамшадин италиялық Анжело Пантанодан ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991399-eldos-smetov-taskenttegi-alem-cempionatyn-zenispen-bastady/

pixel