Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан әлем чемпионаты: Абиба Әбужақынова қарсыласын "иппонмен" ұтты

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова белдесу сәтінде
Абиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Абиба жарысты екінші айналымнан бастаған болатын. Ол бірінші белдесуінде бразилиялық Аманда Лиманы "иппон" ұпайымен өтті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша кезеңде анықталды.

Әлемдік рейтингте Аманда Абибадан екі саты жоғары тұр.

Келесі кезеңде Абиба Әбужақынова екі дүркін Еуропа чемпионы, әлемдік рейтинг көшбасшысы, франциялық Ширин Буклимен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991402-dzyudodan-alem-cempionaty-abiba-abuzaqynova-qarsylasyn-ipponmen-utty/

pixel