Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов ширек финалға жолдама алды. Ол 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үшінші кезеңде Елдос израильдік Матан Коколаевпен белдесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол белдесудің орта тұсында қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, "иппон" ұпайын алды.

Ширек финалда Сметов әлемдік рейтингте бірінші тұрған тайпейлік Ян Веймен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұл салмақта Токио Олимпиадасының чемпионы, Сметовтің әккі қарсыласы Наохиса Такато да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991414-eldos-smetov-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel