Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Елдос Сметов ширек финалда ұтылды

Опубликовано:

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында. 2016 жыл, тамыз
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов ширек финалда ұтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ширек финалда Сметов әлемдік рейтингте бірінші тұрған тайпейлік Ян Вейге есе жіберді.

Айта кетейік, 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов турнирді екінші айналымнан бастады. Ол әзірбайжандық Хусейн Караматовпен кездесіп, тартысты белдесуде жеңіске жетті.

Аталған белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, қосымша минуттарда Сметов әдіс жасады.

Үшінші кезеңде Елдос израильдік Матан Коколаевпен белдесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол белдесудің орта тұсында қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, "иппон" ұпайын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991424-alem-cempionaty-eldos-smetov-sirek-finalda-utyldy/

pixel