Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абиба Әбужақынова Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Опубликовано:

Абиба
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Абиба ширек финалда сербиялық Милица Николичтен басым түсті.

Айта кетейік, отандасымыз Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекені екінші айналымнан бастаған болатын. Ол бірінші белдесуінде бразилиялық Аманда Лиманы "иппон" ұпайымен өтті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша кезеңде анықталды.

Үшінші кезеңде отандасымыз екі дүркін Еуропа чемпионы, әлемдік рейтинг көшбасшысы, франциялық Ширин Буклиді ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991426-abiba-abuzaqynova-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-otti/

pixel