Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз жеңімпаз": Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында. 2016 жыл, тамыз
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан командасының үздігі 60 келі салмақта қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Белдесу қосымша уақытқа дейін созылып, Елдос қарсыласын таза жеңді.

Бір қызығы, қазақстандық балуан 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасынан кейін 60 келі салмақта жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Ол 2022 жылғы маусымды 66 келіде бастаған болатын. Алайда, бұл салмақ категориясында жолы болмаған Елдос Астанадағы Азия чемпионатының алдында 60 келіге қайта ауысты.

Айта кетелік, Елдос Сметов дзюдодан Қазақстан командасының сөзсіз көшбасшысы. Ол 2015 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Азия чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Сондай-ақ Елдостың еншісінде 2019 жылы Токиода өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991492-eldos-smetov-alem-cempionatynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel