Әлем чемпионаты: Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда ұтылып қалды

Опубликовано:

Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев татамиде. Фото: Olympic.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасында 66 келіге дейін салмақта сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің екінші айналымында оңтүстік кореялық спортшы Ан Ба Улға есе жіберді.

Отандасымыз алғашқы кезеңде италиялық Маттео Пирастан айласын асырған еді.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Кеше, 6 қазанда Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова ел қоржынына қола медаль салды. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991619-alem-cempionaty-gusman-qyrgyzbaev-ekinsi-ainalymda-utylyp-qaldy/