Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Гауһар Ирмағамбетова келесі айналымға шықты

Опубликовано:

дзюдо
Таматидегі қыздар. Көрнекі фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Гауһар Ирмағамбетова келесі айналымға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер арасында 52 келіде сынға түскен Гауһар Ирмағамбетова байрақты бәсекені екінші айналымнан бастап, Швейцария спортшысы Фабьен Кочерден басым түсті.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Кеше, 6 қазанда Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова ел қоржынына қола медаль салды. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991631-alem-cempionaty-gauhar-irmagambetova-kelesi-ainalymga-syqty/

pixel