Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай нәрсеге дайын болмадым": Ғұсман Қырғызбаев әйгілі кореялық балуаннан неге жеңілгенін айтты

Опубликовано:

Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев татамиде. Фото: Olympic.kz.

Ташкенттегі әлем чемпионатында 66 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев турнирдің екінші айналымында Оңтүстік Корея балуаны Ан Баулдан ұтылып қалды. Кейін ол бұл жеңілісіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Спорттық дирекцияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғұсман Қырғызбаев бірінші кезеңде италиялық спортшыны жеңсе, екінші айналымда Олимпиада ойындарының екі мәрте жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы Ан Баулмен кездесті.

"Әр белдесуге жеңемін деп шығасың ғой... Ан Баул біз күтпеген әдіс жасап кетті. Мұндай әдіске дайын болмадым. Бапкерлерімнің айтқан тактикасымен келе жатқам. Негізі, Ан Баул классикалық әдіспен күресетін балуан ғой. Бірақ бұл жолы ол мен күтпеген айлаға барды. Кездесуді қосымша уақытқа дейін жеткізіп, шаршатамын деген ой болған. Болмады. Енді жаттығуды одан әрі жалғастырып, алдағы жарыстарға дайындаламыз", - деді Ғұсман.

Ғұсман Қырғызбаев 60 келі салмақта әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ол биылғы маусымда 66 келіге ауысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991683-mundai-narsege-daiyn-bolmadym-gusman-qyrgyzbaev-aigili-koreyalyq-baluannan-nege-zenilgenin-aitty/

pixel