Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сметовтен басқа кім бар?": Отандық дзюдошылар Ташкентте жаппай жеңіліп жатыр

Опубликовано:

Данияр Шамшаев белдесуде
Данияр Шамшаев, фото: ijf.org

Бүгін Ташкентте дзюдодан әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталды. Өкінішке қарай, Елдос Сметов пен Абиба Әбужақыновадан басқалары түгел жеңіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде Елдос Сметов (60 келі) пен Абиба Әбужақынова (48 келі) әлем біріншілігінің қоласын иеленген еді.

Одан кейін татамиге шыққандар жаппай жеңіліп жатыр. Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде Ан Баулға есе жіберсе, кеше 73 келіде күрескен Азия чемпионы Данияр Шамшаев та ұтылып қалды. Ол екінші кезеңде Оңтүстік Корея балуаны Енку Лиден жеңіліп қалған.

Бүгін 81 келідегі спортшылар бақ сынауда. Өкінішке қарай, қазақстандық Абылайхан Жұбаназар бірінші белдесуінде ұтылды. Ол нидерландылық Франк де Витке есе жіберген.

Қыздар арасында Гаухар Ирмағамбетов, Севара Нышанбаевалар жеңіліс тапты.

Соңғы жылдары дзюдодан Қазақстан командасының абыройын жалғыз Елдос Сметов қана қорғап жүр. Ол өзі қатысқан барлық жарыстан жүлде алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991796-smetovten-basqa-kim-bar-otandyq-dzyudosylar-taskentte-zappai-zenilip-zatyr/

pixel