Астанада өткен теннис турнирінде әйгілі Новак Джокович жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Новак Джокович жеңістен кейін
Новак Джокович. Фото: ktf.kz

Елордада үлкен теннистен Astana Open ATP 500 санатындағы беделді турнир аяқталып, сербиялық жұлдыз Новак Джокович жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Үлкен дулыға" турнирінде 21 рет топ жарған Джокович Астанадағы бәсекенің финалында грекиялық Стефанос Циципаспен кездескен болатын. Әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын Циципас Новакка лайықты қарсылас атанды.

Десе де, матч барысында Джоковичтің шеберлігі мен тәжірибесі салтанат құрды. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылып, Новак 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, жартылай финалда Новак Джокович әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведевті жеңген болатын.

Астанадағы турнирге әлемдік теннис жұлдыздары қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991820-astanada-otken-tennis-turnirinde-aigili-novak-dzokovic-zenimpaz-atandy/