Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды (видео)

Опубликовано:

Зүлфия Чиншанло жеңіс тұғырында. Манама, 9 қазан 2022 жыл
Зүлфия Чиншанло. Фото: kazsports.kz

Қазақстандық ауыр атлет, әлем чемпионы Зүлфия Чиншанлоның қоржыны тағы бір медальмен толықты. Ол Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол жұлқа көтеруде 95 келіні бағындырса, серпе көтеруде 125 келіні еңсерген.

Осылайша, қоссайыс қорытынды бойынша барлық қарсыластарын басып озып, чемпион атанды.

Жалпы есепте күмісті қытайлық Ю Линглонг (210 кг), қоланы өзбекстандық Нигора Абдулаева (193 кг) жеңіп алды.

Айта кетейік, 29 жастағы қазақстандық атлет былтыр Токио Олимпиадасында осы салмақта қола медаль жеңіп алған. Бұдан бөлек, ол 3 дүркін әлем чемпионы, 2 мәрте Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991823-zulfiya-cinsanlo-auyr-atletikadan-aziya-cempiony-atandy-video/

pixel