Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аңызға айналған қақпашы Икер Касильястың парақшасын бұзған хакерлер оның "гей" екенін жазған

Опубликовано:

Икер Касильяс ойын кезінде
Икер Касильяс. Фото: stars.ua

Футболдан 2010 жылғы әлем чемпионы, әйгілі қақпашы Икер Касильяс Твиттердегі парақшасында өзінің гомосексуал екенін жазды. Бұл көптеген жанкүйерлердің түсініспеушілігін тудырған, деп хабарлайды Спорт Экспресс сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұрынғы футболшының твиті әлем жанкүйерлерін таң қалдырды.

"Сіздер мені сыйлайсыздар деп ойлаймын: мен геймін", - деп жазды Касильяс.

Кейін белгілі болғандай, бұл жазбаны Икердің жеке аккаунтына шабуыл жасаған хакерлер жазған. Қазіргі таңда жазба өшіріліп, спортшы көпшіліктен кешірім сұрады.

"Аккаунтымды бұзған. Қуанышқа қарай, бәрі дұрыс. Жазылушыларымен және ЛГБТ өкілдерінен кешірім өтінемін", - деді Касильяс.

Ал осы аралықта Икер Касильястің Твиттердегі ресми парақшасынан 3 миллионға жуық адам шығып кеткен.

Айта кетелік, Икер Касильяс 2009 жылы танымал журналист Сара Карбонеромен көңіл қосып, онымен 12 жыл бірге болды. Алайда 2021 жылы олар ажырасып кетті. Екеуінің ортақ екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1991825-qansalyqty-ras-anyzga-ainalgan-qaqpasy-iker-kasilyas-ozinin-gei-ekenin-malimdedi/

pixel