Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

Дидар Хамза
Дидар Хамзаның жеңіс тұғырынан көрінген сәті. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 10 қазанда дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында екі қазақстандық жарыс жолына шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 90 келіде ел намысын қорғайтын Дидар Хамиза бүгін татамиге шығады. Ал әйелдер арасында 70 келіде Анастасия Маякова өнер көрсетеді.

Іріктеу кезеңі 11:30-да басталып, Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың ел қоржынына қола медаль салғанын жазған едік. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991871-dzyudodan-alem-cempionaty-bugin-el-namysyn-kimder-qorgaidy/