Әлем чемпионаты: Дидар Хамза алғашқы айналымда ұтылып қалды

Опубликовано:

Дидар Хамза
Дидар Хамза татамиде. Фото: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Дидар Хамза алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасында 90 келіге дейін салмақта сынға түскен Дидар Хамза байрақты бәсекенің алғашқы айналымында чехиялық Давид Кламмертке есе жіберді.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың ел қоржынына қола медаль салғанын жазған едік. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991880-alem-cempionaty-didar-xamza-algasqy-ainalymda-utylyp-qaldy/