Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуінде алты алтын бар": Ағасы мен қарындасы бір күнде әлем чемпионы атанып, жанкүйерлерін қуантты

Опубликовано:

Ота және Хифуме Абе алтын медальмен
Ота және Хифуме Абе. Фото: olympics.com

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында ағалы-қарындасты Абе Ота мен Абе Хифуме әлем чемпионы атанды. Ағалы-қарындасты жапониялық дзюдошылар алтын медальді бір күнде жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абе Ота мен Абе Хифуменің бір күнде чемпион атанғаны алғаш рет кездесіп отырған жоқ. Олар былтырғы Олимпиада ойындарында да бір күнде алтын медаль алған болатын.

Ташкенттегі әлем біріншілігінде әйелдер арасында сынға түскен Абе Ота 52 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда ағылшындық спортшыны жеңген.

Ал Абе ХифумеТашкент финалында өзінің отандасы әрі әккі қарсыласы, 66 келіде үздік атануға таласып жүрген Дзесиро Маруяманы қосымша уақытта ұтты.

Осылайша, ағалы-қарындасты Абелер бір күнде әлем чемпионы атанып отыр. Айта кетелік, спортшылар әлем біріншілігінде үшінші рет жеңіп отыр. Одан бөлек, екеуінде де Олимпиада чемпионы атағы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991997-ekeuinde-alty-alty-bar-agasy-men-qaryndasy-bir-kunde-alem-cempiony-atanyp-zankuierlerin-quantty/

pixel