Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Ислам Бозбаев
Ислам Бозбаев татамиде. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 11 қазанда дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қазақстандық жарыс жолына шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 100 келіге дейін ел намысын қорғайтын Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан бүгін татамиге шығады.

Ал әйелдер арасында 78 келіде Аруна Жангельдина өнер көрсетеді.

Іріктеу кезеңі 11:00-де басталып, Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың ел қоржынына қола медаль салғанын жазған едік. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1992022-dzyudodan-alem-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel