Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде көтерілді

Опубликовано:

Боксер Али Ахмедов
Али Ахмедов. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әлемдік рейтингті жаңартты. Ол жерден қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың көтерілгенін байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңартылған рейтингте отандасымыз жартылай орта салмақта үздік ондыққа кірген. Бұған дейін ол он бесінші орында болған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес андеркадында Әли Ахмедовтың өнер көрсеткенін жазған едік.

Он раундқа жалғасқан айқаста отандасымыз америкалық қарсыласы Габриэль Росадодан басым түсті.

Айта кетейік, аталған кездесуде IBF (Солтүстік Америка), WBC Silver титулдары сарапқа салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1992180-bokssy-ali-axmedov-wbc-reitinginde-koterildi/

pixel