Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы әйгілі Дмитрий Биволмен бірге жаттығып жатыр (фото)

Опубликовано:

Дмитрий Бивол жекпе-жектен соң
Дмитрий Бивол. Фото: sports.kz

Қазақстандық кәсіби боксшы Сапарбай Айдаров жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Дмитрий Биволмен бірге жаттығып жатыр. Бұл туралы спортшы өз парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдаров Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әбу-Даби қаласында Биволмен бірге жаттығу өткізуде. Ол мексикалық Хильберто Рамиреске қарсы дайындалып жатқан Дмитрийдің басты спарринг серіктестерінің бірі.

Жаттығу жиынында атақты боксшымен суретке түскендер қатарында 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бар.

Айта кетелік, Сапарбай Айдаров 2010 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.

Қазіргі таңда ол кәсіби боксқа ауысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1992189-qazaqstandyq-bokssy-aigili-dmitrii-bivolmen-birge-zattygyp-zatyr-foto/

pixel