"Холанд алаңға шыққан жоқ": "Копенгаген"-"Манчестер Сити" матчының қалай аяқталғаны белгілі болды

Опубликовано:

"Манчестер Сити"
"Манчестер Сити". Фото: James Williamson - AMA/Getty Images

Чемпиондар лигасының төртінші турында "Копенгаген" өз алаңында "Манчестер ситиді" қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

G тобының матчы Паркен стадионында өтті.

Алаң иелері "Копенгаген" өткен турда "Манчестер Ситиден" 5:0 есебімен ұтылған еді. Даниялық ұжым кеткен есені қайтаруға тырысқанымен "қалалықтардың" қақпасынан саңылау таба алмады.

Осылайша, тартысты өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, "Манчестер Сити" сапынан алаңға шабуылшы Эрлинг Холанд шыққан жоқ. Норвегиялық сұрмерген қосалқы құрамның қатарында болғанымен, оны Пеп Гвардиола матчқа қатыстырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992206-xoland-alanga-syqqan-zoq-kopengagen-mancester-siti-matcynyn-qalai-ayaqtalgany-belgili-boldy/