Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Черногорияны ірі есеппен жеңді

Опубликовано:

футзал
Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері паркетте. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынын Черногорияға қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Подгорица қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы Черногорияны 1:5 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасынан Лео, Эдсон, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов, Тайнан мергендігімен көзге түссе, Черногория сапынан жалғыз голды Филип Маркович соқты.

Осылайша, ел құрамасы екі турда алты ұпай жинап, 5 топта көш бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Аталған матч Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992364-futzaldan-qazaqstan-quramasy-syrt-alanda-cernogoriyany-iri-eseppen-zendi/

pixel