Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында командалық сайысқа қатысады

Опубликовано:

Дидар Хамза
Дидар Хамзаның жеңіс тұғырынан көрінген сәті. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында балуандар 13 қазанда командалық сайысқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Командалық сайыс аралас түрде өткізілмек. Онда ерлерден 3, әйелдерден 3 салмақта балуандар Қазақстан намысын қорғайтыны белгілі болды.

Отандық дзюдошылар алғашқы айналымда Нидерланды құрамасымен белдеседі. Жеңімпаз құрама жарыстың келесі сатысында Жапонияға қарсы өнер көрсетеді.

Олардан басым түскені финалға жолдама алады.

Ал жеңілген құраманың жұбаныш белдесуіне қатысуына мүмкіндігі бар. Жұбаныш белдесуінде жеңгені қола жүлдеге таласады.

Командалық сайыста ерлерде Данияр Шәмшаев пен Асқарбек Ғайнуллин (екеуі де 73 келі), Дидар Хамза мен Ерсұлтан Мұзафаров (екеуі де 90 келі), әйелдерде Севара Нишанбаева (57 келі), Есмигүл Куюлова мен Анастасия Маякова (екеуі де 70 келі), Кәмила Берліқаш (78 келі) ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1992409-qazaqstandyq-dzyudosylar-alem-cempionatynda-komandalyq-saiysqa-qatysady/

pixel