Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жалғас Жұмағұлов октагонға оралады! 19 қарашада өтетін турнирде оның қарсыласы Чарльс Джонсон болмақ", - делінген UFC-дің Instagram әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Айқас Америка құрама штаттарының Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты) UFC Apex аренасында өтеді деп жоспарланған.

Джонсон UFC-де биылғы жылдың 23 шілдесінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіліп қалған болатын. Ол октагонда британдық файтер Мұхаммед Мокаевпен кездескен еді.

Айта кетейік, Джонсонға қарсы жекпе-жек Жұмағұловтың UFC-дегі алтыншы кездесуі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1992468-zalgas-zumagulovtyn-kelesi-zekpe-zeginin-qasan-otetini-belgili-boldy-foto/

pixel