Чемпиондар лигасы: "Барселона"-"Интер" матчында алты гол соғылды
Опубликовано:

Чемпиондар лигасының төртінші турында "Барселона" өз алаңында "Интермен" тең түсті. Есеп 3:3, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Матч "Камп Ноу" стадионында өтті.
"Интер" сапынан Барелла, Мартинес, Гозенс мергендігімен көзге түссе, "Барселона" қлубынан Левандовскийдің екі мәрте қанжығасы байланды және бір доп Дембеленің еншісіне жазылды.
Осылайша, тартысты өткен матч 3:3 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының өткен турында "Интер" өз алаңында "Барселонаны" 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ойындағы жалғыз голды миландық клубтың жартылай қорғаушысы Чалханоглу соқты.
Төрт турдан кейін С тобында "Бавария" (12 ұпай) көш бастар тұр. Екінші орынға "Интер" (7 ұпай), үшінші сатыға "Барселона" (4 ұпай) жайғасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992472-cempiondar-ligasy-barselona-inter-matcynda-alty-gol-sogyldy/