Черногория-Қазақстан арасындағы матчтың видеосы желіде пайда болды

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы
Футзалдан Қазақстан құрамасы ойын алдында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынын сырт алаңда өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Аталған матчтың видеосы желіде тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тартысты өткен ойынның видеосы Qazsport арнасы Youtube желісіндегі арнасында жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Подгорица қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы Черногорияны 1:5 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасынан Лео, Эдсон, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов, Тайнан мергендігімен көзге түссе, Черногория сапынан жалғыз голды Филип Маркович соқты.

Осылайша, ел құрамасы екі турда алты ұпай жинап, 5 топта көш бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992494-cernogoriya-qazaqstan-arasyndagy-matctyn-videosy-zelide-paida-boldy/