Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты қазақстандық дзюдошылар үшін аяқталды

Опубликовано:

Дидар Хамза
Дидар Хамза татамиде. Фото: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыста Нидерландыға жол берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Командалық сайыста ерлерде Данияр Шәмшаев пен Асқарбек Ғайнуллин (екеуі де 73 келі), Дидар Хамза мен Ерсұлтан Мұзафаров (екеуі де 90 келі), әйелдерде Севара Нишанбаева (57 келі), Есмигүл Куюлова мен Анастасия Маякова (екеуі де 70 келі), Кәмила Берліқаш (78 келі) ел намысын қорғады.

Қос құрама арасындағы белдесу 4:3 есебімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан командасы үшін Ташкенттегі әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Енді Нидерланды құрамасы ширек финалда Жапониямен сайысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1992509-alem-cempionatynda-komandalyq-saiysta-qazaqstandyq-dzyudosylar-sirek-finalga-syga-almady/

pixel