Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Опубликовано:

Айбол Омар
Айбол Омар қола жүлдемен. Фото: Ұлттық олимпиада комиеті

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Айбол Омар Кувейтте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 1500 метрде үшінші орын алды. Спортшы 4: 07.99. уақыт көрсетті.

Бұл медаль Азия чемпионаты шеңберіндегі екінші медаль болды. Бұған дейін Сабрина Арзиева спорттық жүрісте бірінші орынды иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992713-zasospirimder-arasyndagy-aziya-cempionatynda-el-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/