Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұран" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Опубликовано:

Қанат Мұсатаев
Қанат Мұсатаев. Фото: kazfootball.kz

Түркістандық "Тұран" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке 52 жастағы қазақстандық маман Қанат Мұсатаев келді, деп жазады Kazfootball.kz.

Қанат Мұсаев Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының сайтында ұжымның бас бапкері ретінде көрсетілген.

Бұған дейін 52 жастағы қазақстандық маман "Ордабасы" және "Тарлан" клубының жаттықтырушылар штабында, сондай-ақ қарағандылық "Шахтер", "Тараз", "Оңтүстік Академиясы" және Қазақстан футбол федерациясының басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 22 турынан кейін "Тұран" командасы 25 ұпаймен 11-ші орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992768-turan-futbol-klubyna-zana-bas-bapker-tagaiyndaldy/

pixel