Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Спортшы биіктікке секіруде
Көрнекі сурет: olympics.com

Кувейтте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны бір күміс медальмен толықты, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық Алина Чистякова биіктікке секіруден 1.73 метрді бағындырып, күміс медаль жеңіп алды. Бұл біздің спортшыларымыздың құрлық додасында жеңіп алған үшінші жүлдесі.

Бұған дейін Сабрина Арзиева жаяу жүрістен чемпион атанса, Айбар Омар 1500 метрге жүгіруден қола медаль жеңіп алды.

Кувейттегі құрлық чемпионаты 16 қазанда мәресіне жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1992784-qazaqstandyq-sportsy-biiktikke-sekiruden-aziya-cempionatynyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel