Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысы кім (фото)

Опубликовано:

Сон Хын Мин
Сон Хын Мин. Фото: Tottenham Hotspur FC/Tottenham Hotspur FC via Getty Images

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік футболшысы болып "Тоттенхэм" жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин танылды, деп хабарлайды Sports.ru.

Чемпиондар лигасының төртінші турында лондондық клубтың жартылай қорғаушысы "Айнтрахт" қақпасына екі гол соқты. Сонымен қатар оның неміс командасының қақпасына дарытқан екінші голы "аптаның үздігі" деген атақты жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің осы аптадағы үздік футболшысы номинациясына "Брюгге" қақпашысы Симон Миньоле, "Маккаби" шабуылшысы Омер Ацили және "Ливерпуль" сұрмергені Роберто Фирмино таласқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992819-cempiondar-ligasy-aptanyn-uzdik-oiynsysy-kim-foto/