Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Опубликовано:

ауыр атлетика
Көрнекі фото: pixabay.com

Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Айша Омарова ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортшы байрақты бәсекеде 81 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады.

Қоссайыс нәтижесінде Омарова 217 (93+124) келіні бағындырды.

Құрлықтың маңызды турнирінде бірінші орынды Сейедехелхам Хоссейни (Иран) жеңіп алды. Ол 227 (102+125) келіні көтерді. Күміс медальға Мотока Накажима (Жапония) қол жеткізді. Оның 223 (100+123) келіні бағындырғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай ел қоржынына "алтын" салған еді. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатында екінші орынды қанағат тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992824-aziya-cempionaty-el-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/