Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзбекстаннан қалып қойды": Белбеу күресінен қазақ жастары әлем чемпионатында төрт алтын жеңіп алды

Опубликовано:

Белбеу күресінен әлем чемпионын марапаттау сәті
Белбеу күресінен әлем чемпионаты. Фото: instagram/drs_kz

Қазақстан құрамасы белбеу күресінен әлем чемпионатында төрт алтын жеңіп алды. Бұл туралы Спорт дирекциясының ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанадағы "Аспан" спорт кешенінде жастар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты аяқталды.

Үш созылған бәсекеде 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы бозкілемде жеңімпазды анықтады. Жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен Өзбекстан құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізіп 2-орын алды.

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Алтын – Назерке Әбілтаева (52 кг), Наргиз Войсова (58 кг), Маржан Қаналиева (66 кг), Лаура Дустаева (+76 кг).

Күміс – Ақниет Жәнәбіл (48 кг), Ғажайып Нұртай (66 кг), Нұрбану Убайдулла (76 кг), Ерболат Егізбайұлы (57 кг), Мерей Әбдікешов (62 кг), Айберген Маукенбай (75 кг), Бекнұр Қуандық (90 кг).

Қола – Аружан Болат (48 кг), Айгерім Кеңесова (52 кг), Назиғат Сағидулла (58 кг), Дина Бодан (76 кг), Гауһар Омар (+76 кг), Бейбарыс Тұрғанбекұлы (68 кг), Алдияр Айтмұханбет (82 кг), Мақсат Жакенов (+100 кг).

Ұлттық құрама намысын жалпы есебі 28 спортшы (16 ұл, 12 қыз) қорғады.

Үш чемпионы бар Ресей үздік үштікті түйіндеді. Бұдан бөлек, Моңғолия мен Қырғызстан жастары бір-бір алтыннан жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1992856-ozbekstannan-qalyp-qoidy-belbeu-kuresinen-qazaq-zastary-alem-cempionatynda-tort-altyn-zenip-aldy/

pixel