Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бозбаевты шеттетеміз": Бас бапкер әлем чемпионатынан соң кімнің құрамадан кететінін айтты

Опубликовано:

Ислам Бозбаев жарыс кезінде
Ислам Бозбаев. Фото: ijf.org

Ташкентте дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есебі екі қола медаль жеңіп алды. Турнирді қорытындылаған бас бапкер командада кімдермен қоштасатынын айтты, деп жазады Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов осы біріншіліктен соң нәтижесі төмен спортшыларды жарысқа апармайтынын мәлімдеген.

"Әлем чемпионаты аяқталды. Енді осы жарыстан соң Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев, Дидар Хамза сынды балуандарды командададан шеттетеміз. Олар келесі әлем біріншілігіне бармайды. Орнына жас балуандарды апарамыз. Бізде жас талантты жігіттер көп, соларға мүмкіндік береміз. 60 келіні қазақтың төл салмағы деп айтуға болады.

Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев... Бұл салмақта бәсекелестік жоғары. 66 келіде Ғұсман Қырғызбаевты көрдіңіздер. Жаман емес. Ермек Амангелді деген жақсы балуанымыз бар. Ол жарақатына байланысты бір жыл күреспей, енді жаттығуды бастады. 81 келіде Абылайхан Жұбаназар есімді жас балуан өсіп келеді. Енді соларға мүмкіндік береміз", - деді Нұрбол Сүлейменов.

Айта кетелік, Ташкентте аяқталған әлем чемпионатында Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1992938-bozbaevty-settetemiz-bas-bapker-alem-cempionatynan-son-kimnin-quramadan-ketetinin-aitty/

pixel