Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобыл" мен "Ақтөбе" арасындағы матчтан соң жанкүйерлер төрешіге "садақа" жіберіп жатыр

Опубликовано:

Сәкен Байымбет ортада матч басталар тұста
Сәкен Байымбет ортада. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан чемпионатының 23-туры аясында кездескен "Тобыл" мен "Ақтөбе" арасындағы кездесу даумен аяқталды. Ойын нәтижесіне наразы жанкүйерлер төреші Сәкен Байымбеттің банк карточкасына ақша жіберіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сайт мәліметінше, жанкүйерлер төрешінің телефон номерін жариялап, оған 100 теңгеден ақша аударуда. Әрбір аударымның астына "садақа", "сайқымазақ" деген пікірлер жазылған.

Ақтөбелік жанкүйерлердің бұлай наразылық танытуына "Тобыл" мен "Ақтөбе" арасындағы кездесу нәтижесі себеп болды.

Бұл ойында "Тобыл" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Шешуші гол матчтың 87-ші минутында пенальтиден соғылды. Оның авторы Серікжан Мұжықов. Алғашқы соққыны Стас Покатилов қайтарады. Алайда төреші VAR-дың көмегіне жүгініп пенальтиді қайта соқтырады.

Сонымен қатар, жанкүйерлердің пікірінше "Тобыл" ойыншысы өз айып алаңында қолымен ойнағанына төреші назар аудармай, олардың қақпасына 11 метрлік айып соққысын бермеген.

Осы жеңілістен кейін "Ақтөбе » «Астана» командасының арасы бір ғана ұпай болды. Елордалықтар «Қайратты» 4:0 есебімен жеңіп, төрт ұпайлық айырманы қысқарта алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992939-tobyl-men-aqtobe-arasyndagy-matctan-son-zankuierler-toresige-sadaqa-ziberip-zatyr/

pixel