16 жастағы қазақстандық желаяқ қыз жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды (видео)

Опубликовано:

Арина Чистякованың жеңісті сәті. Кувейт, 2022 жыл
Арина Чистякова. Фото: instagram/qazathletics

Жеңіл атлетикадан Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арина Гладышева 3000 метрге жүгіруде чемпион атанды. Ол аталған қашықтықты 10.09.76 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтті.

Осылайша, ол ел қоржынына төртінші медальды салып отыр. Бұған дейін қазақстандықтар Кувейттегі құрлық додасында бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде жеңіп алған еді.

Атап айтар болсақ, Сабрина Арзиева спорттық жаяу жүрістан алтын алса, Алина Чистякова биіктікке секіруден күміске қол жеткізді. Ал 1500 метрге жүгіруде Айбар Омар қоланы қоржынға салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1992945-16-zastagy-qazaqstandyq-zelayaq-qyz-zenil-atletikadan-aziya-cempiony-atandy-video/