Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды

Опубликовано:

Зүлфия Чиншанлоның зілтемірді көтеру сәті
Зүлфия Чиншанло. Фото: olympic.kz

Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан кезекті Азия біріншілігі аяқталды. Құрлық додасының қорытындысы бойынша қазақстандық Зүлфия Чиншанло үздік атанды, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Федерация мәліметінше, ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алса, әйелдер командасы үшінші орынға табан тіреген.

"Зүлфия Чиншанло Азия біріншілігінің үздік спортшысы атанды", - деп жазды ауыр атлетика федерациясының ресми парақшасы.

Айта кетелік Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні бағындырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993046-zulfiya-cinsanlo-aziya-cempionatynyn-uzdik-sportsysy-atandy/

pixel