Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гол соққан соң трибунадағы әжесін құшақтаған ақтаулық футболшы көпшілікті елжіретті (видео)

Опубликовано:

Футболшы допты алаң бұрыштамаға қойып жатыр
Көрнекі сурет: prosports.kz

Фузалдан Қазақстан чемпионаты аясында өткен ақтаулық "Каспий" мен елордалық "Астана" арасындағы кездесуде гол соққан Нұрсұлтан Таңатұлы қуанышты сәтті ерекше атап өтті. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұрсұлтан қарсылас қақпасына гол соққан соң дереу көрермендер отырған трибунаға жүгіріп, жанкүйерлер қатарындағы ақ жаулықты әжесін құшақтаған.

Бұл сәт желі қолданушыларын да тәнті етті. Көпшілігі әжесіне ілтипат көрсткен футболшыға тілегін жаудыруда.

Аталған матчта "Каспий" 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993051-gol-soqqan-son-tribunadagy-azesin-qusaqtagan-aqtaulyq-futbolsy-kopsilikti-elziretti-video/

pixel