Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лионель Месси футболдан әлем чемпионатында қай құрама фаворит екенін ашық айтты

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Marcelo Endelli/Getty Images

Лионель Месси футболдан әлем чемпионатында қай құрама фаворит екенін ашық айтты, деп хабарлайды Sports.ru.

"Титулға көптеген ірі құрамалар - Бразилия, Германия, Франция, Англия, Испания үміткер. Тағы бір құраманы ұмытып кеткен секілдімін. Бір-екі ғана команданы таңдау керек болса, қазіргі уақытта Бразилия мен Франция құрамаларын әлем чемпионатының басты фавориттері деп санайтын едім.

Францияда бір-бірін түсінетін құрам жасақталған. Олар үшін өткен Еуропа чемпионаты сәтсіз өтті. Алайда Франция құрамасында аталған футболшылармен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген бапкер бар. Бұл Бразилияға да қатысты", - деді Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" клубының шабуылшысы.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993059-lionel-messi-futboldan-alem-cempionatynda-qai-qurama-favorit-ekenin-asyq-aitty/

pixel