Мбаппенің қыста "ПСЖ" клубынан кететіні рас па: Футболшы көпті мазалаған сауалға жауап берді

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: John Berry/Getty Images

Франция құрамасы мен "ПСЖ" клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе көпшілікті мазалаған сұраққа жауап берді. Футболшы қыста клуб ауыстырмайды, деп жазады Sports.ru.

Бұған дейін БАҚ беттерінде шабуылшы қыста клуб ауыстырады деген ақпарат пайда болған еді.

"Мен бақыттымын және қаңтарда кету туралы өтініш жасаған жоқпын. Менің бұл ақпараттарға ешқандай байланысым жоқ. Мен де басқалар сияқты таңғала қарадым.

Бұл туралы естігенде көбісі қатты қайран қалды. Жай ғана айтайыншы, бұның барлығы өтірік мәлімет", – деді Мбаппе.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993064-mbappenin-qysta-psz-klubynan-ketetini-ras-pa-futbolsy-kopti-mazalagan-saualga-zauap-berdi/