Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан екінші лиганың финалистері анықталды

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Футболдан екінші Лиганың қос конференциясының жеңімпаздары анықталды. Олар 23 қазанда өзара лиганың алтын жүлдегерін анықтайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік-Шығыс конференциясында бірінші орынды "Хан-Тәңірі" (Алматы) командасы иеленсе, Оңтүстік-Батыс конференциясында "Оңтүстік академиясының" (Шымкент) жастары топ жарды.

22 қазанға жоспарланған кездесуде қола медальдарды елордалық "Жас Сұңқар" және түркістандық "Тұранның" жастар командасы өзара сарапқа салады.

Аталған матчтар Шымкент қаласындағы БИІК СК алаңында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993104-futboldan-ekinsi-liganyn-finalisteri-anyqtaldy/

pixel