Манчестердегі Гран-при бәсекесіне қатысатын қазақстандық таеквондошылар кімдер

Опубликовано:

Руслан Жапаров жекпе-жектен соң
Руслан Жапаров. Фото: olympic.kz

Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан Гран-при турнирінің үшінші кезеңі өтеді. Бұл сынға отандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды kazsports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гран-при сериясы 21-23 қазан аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында ұйымдастырылады.

Бұл халықаралық турнирде Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Олар: Жансель Дениз (67 кг) бен Руслан Жапаров (+80 кг).

Айта кетейік, бұл кезеңде медаль мен рейтингке қажетті ұпай үшін Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта 61 елден келген 256 таеквондошы күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993105-mancesterdegi-gran-pri-basekesine-qatysatyn-qazaqstandyq-taekvondosylar-kimder/