Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" өткен маусымның үздік клубы деп танылды (фото)

Опубликовано:

"Манчестер Сити"
"Манчестер Сити". Фото: James Williamson - AMA/Getty Images

"Манчестер Сити" France Football нұсқасы бойынша маусымның үздік клубы атағын жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Пеп Гвардиолла жаттықтыратын ұжым өткен маусымда Англия біріншілігінің жеңімпазы атанып, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Финалға берілетін жолдама үшін таласта "Манчестер сити" мадридтік "Реалға" есе жіберді.

France Football нұсқасы бойынша екінші орын "Ливерпульге" бұйырса, үздік үштікті "Реал Мадрид" қорытындылады.

Айта кетейік, корольдік ұжым - Чемпиондар лигасының өткен маусымының жеңімпазы. Финалда "Реал Мадрид" "Ливерпульден" басым түсті. Тартысты өткен матчтағы жалғыз голды Феде Вальверденің нәтижелі пасынан кейін Винисиус Жуниор соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993153-mancester-siti-otken-mausymnyn-uzdik-kluby-dep-tanyldy-foto/

pixel