Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын доп": Марапаттау рәсіміне танымал спортшылар қалай киініп келді

Опубликовано:

сахна
Көрермендер отыратын жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Түнде "Алтын допты" марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шарада танымал спортшылар классикалық үлгеде келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ ілшісі.

2022 жылғы "Алтын доптың" иегері Франция құрамасы мен "Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема марапаттау рәсіміне қара смокинг пен көзілдірік киіп келді. Бұл - тарихта атақты рэп орындаушысы Тупактың образы деп қалған.

Бенземаның жерлесі, "Реал Мадридтің" бұрынғы бапкері Зинедин Зиданның таңдауы көк түсті костюм шалбарға түскен.

2022 жылдың үздік шабуылшысы Робрет Левандовски қара смокингпен бой көрсетті.

Ал дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған Садьо Мане марапаттау рәсіміне Африканың ұлттық киімімен келген.

Сонымен қатар смокинг кигендердің арасында "Барселона" жартылай қорғаушысы Гави, "Реал Мадрид" қақпашысы Тибо Куртуа, "Манчестер Ситидің" көшбасшысы Кевин де Брюне, Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы Луиш Фигу, "ПСЖ" сұрмергені Киллиан Мбаппе және тағы басқа танымал тұлғалар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993185-altyn-dopty-marapattau-rasimine-tanymal-sportsylar-qalai-kiinip-keldi/

pixel