Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шәршенбиевке шамасы жетеді": Бас бапкер Айдос Сұлтанғалидың қырғыз балуанынан неге ойсырай ұтылғанын түсіндірді

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдос Сұлтанғали. Фото: uww.org

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Серік Жұмашев Белградтағы әлем чемпионатын қорытындылап, қола жүлдегер Айдос Сұлтанғалидың қырғыз балуанынан неге ұтылғанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

"60 келіде әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған Айдос Сұлтанғалидың жартылай финалдағы күресі жанкүйерді ойландырып қойғаны рас. Екі кезең бойы бет қараптай келе жатқан балуанымыз қырғыз балуаны Жоламан Шәршенбековке қауқар көрсете алмады. Бас бапкердің бұған да айтар уәжі бар", - деп жазады bassport.kz сайты.

Бапкердің мәліметінше, Айдостың жаттығуы аздық еткен әрі үстіне шиқан шығып кеткен.

"Айдос биылғы Азия чемпионатына қатысқан жоқ. Мақсатты түрде шілдедегі әлем біріншілігіне дайындалып, бәрін 10:0 есебімен ұтып шықты. Шыны керек, осы әлем чемпионатында Айдостың он күндей дайындығы кем болып қалды. Өйткені, Қырғызстандағы жиынға келгенде Айдостың үстіне шиқан шығып кетіпті. Инфекция асқынған болуы керек.

Оны дереу Алматыға қайтарып, тамыз айында Сұлтанғали көп уақытын емге жұмсады. Міне, осы он күнгі дайындықтың жоқтығы әлем чемпионатында қатты байқалды. Жартылай финалда Айдосты Жоламаннан қорқып қалды деушілер бар екен. Расында, олай емес. Егер Айдос толық бабында барғанда, Жоламанға шамасы жететін еді.

Өйткені, Шәршенбиев өте ыңғайсыз қарсылас. Онымен күресу үшін көп күш қажет, қолын үнемі байлап отыру керек. Ал біздің бала функционалдық дайындығының аз екенін білген соң, тәуекелге барған жоқ. Айдос Сұлтанғали 60 келідегі үздіктеріміздің бірі. Салмағы да дәл келеді. Енді оған тек толассыз дайындық қажет», - дейді Серік Жұмашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1993202-sarsenbievke-samasy-zetedi-bas-bapker-aidos-sultangalidyn-qyrgyz-baluanynan-nege-oisyrai-utylganyn-tusindirdi/

pixel